Beeline-Қазақстан ойынға арналған тарифтік жоспарын іске қосты

5 Тамыз 2020, 10:00
1413
Бөлісу:
Beeline-Қазақстан ойынға арналған тарифтік жоспарын іске қосты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ойын" тарифі "Үйдегі интернет" қызметі мен "World of Tanks" танымал ойынының ең үздік қызметтерін алуға мүмкіндік береді.

Beeline компаниясы Wargaming компьютерлік ойындарының табысты әзірлеушісімен бірге алғашқы тарифтік жоспарды таныстырды.

"Wargaming" компаниясы ТМД-дағы free-to-play ойындары нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компания қоржынында 10-нан астам ойын бар, олардың ішінде ең танымалы – "World of Tanks". Бұл XX ғасырдың ортасындағы жауынгерлік машиналар ұсынылған аркадтық көп қолданысты танк экшені. Ойыншылардың қармауында 30 жауынгерлік карта және 11 ұлттың ұрыс техникасы бар, олардың жалпы саны 600 бірлік. Бүгінгі таңда ойын аудиториясы бүкіл әлем бойынша 160 миллион ойыншыдан асып отыр.

арт гам1.jpg

Бүгінде Қазақстанда "World of Tanks"-тегі жүздеген мың ойыншы бар. Солар және жаңадан қосылған ойыншылар үшін Beeline арнайы тарифтік жоспар әзірледі. Бұл ойынды ыңғайлы және қызықты ететін қызметтерді және опцияларды қамтиды.

"Ойын" тарифіне 100 Мбит/сек дейінгі жылдамдығы бар үйдегі интернет және ойыншыларға арналған опциялар пакеті кіреді: "Жауынгерлік бауырластық" нөлдік дағдысы бар экипаж тартылған Т-44-100 деңгейіндегі эксклюзивті премиум-танкі және шексіз танктік премиум-аккаунты бар. "World of Tanks" пакеті ойыншылардың ұсыныстарын ескере отырып таңдап алынды.

арт гам2.jpg

"Beeline Қазақстан" команиясының маркетинг директоры Максим Цвыковтың айтуынша, Beeline мен "Wargaming" серіктестігі арқасында клиенттер жылдам интернетке қол жеткізеді.

"World of Tanks" - бүкіл әлем бойынша жанкүйерлер армиясы бар ойын индустриясының ірі қатысушысы. Тарифтік жоспармен бірге жүретін бонустық контент ойыннан мол рахат алып, премиум танкке қолжеткізуге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибелі геймер үшін ең жақсы нұсқа, әсіресе карантин кезеңінде, онлайн қарым-қатынас адамдармен өзара әрекеттесудің ең қауіпсіз нұсқасы болды, - деді ол.

арт гам3.jpg

Алғашқы бірлескен тарифті іске қосу қадамына қатысты "World of Tanks"-тің арнайы жобалар мен инновацияларды іске асыру департаментінің басшысы Алексей Олехновичтің айтуынша, басты мақсат - ойыншылардың көңілінен шығу.

Біздің басты мақсатымыз - ойыншыларды бақыттырақ ету. Сондықтан, премиум-танктен және шексіз премиум-аккаунттан басқа, біз "Ойын" тарифін пайдаланушылар үшін эксклюзивті турнирлерді іске қосуды жоспарлап отырмыз және осымен тоқтап қалмаймыз. Beeline Қазақстан серіктесімізбен бірге біз "Ойын" тарифін одан әрі дамытатын боламыз, - деді ол.
"Ойын" тарифі "Үйдегі интернет" қызметінің тарифтік жоспарын жетілдірді. Енді қазақстандық танкшілердің жеке шапшаң интернет тарифі бар.

 

Өзгелердің жаңалығы