Əбдіқалықова: Əлеуметтік шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы

1 Сәуір 2019, 18:02
2855
Бөлісу:
Əбдіқалықова: Əлеуметтік шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Əбдіқалықова: Əлеуметтік шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы

Жиынды ашқан Гүлшара Əбдіқалықова алдағы 10 жыл біздің 30 өркениетті мемлекеттер қатарына жылжуымыздағы шешуші кезең болмақ деді.

Əбдіқалықова: Əлеуметтік шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы

"Енді əлеуметтік дамуға арналған кезек күттірмес шараларды іске асыру -  бүгінгі күннің талабы. Осыған байланысты бүгінгі күні үш бағыт бойынша жаңа əлеуметтік саясат іске асырылады. Олар - аз қамтылған топтардың табысын арттыру жəне қолдау; табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу жəне білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту; үшінші - өңірлерді кешенді түрде дамыту. Қазақстан президентті Қасым - Жомарт Тоқаев Елбасының сындарлы саясатын жалғастыра отырып, мемлекеттік бағыттың бағдары үш негізгі принципте қамтамасыз етілетінін баса айтты. Олар - сабақтастық, əділдік жəне прогресс. Əйелдер қауымы да жаңа əлеуметтік саясатты толық қолдайды", - деді Гүлшара Əбдіқалықова.

Əбдіқалықова: Əлеуметтік шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы

Өзгелердің жаңалығы