Бас жаңалықтар
Байдарка мен каноэ есуден ұлттық құрама оқу-жаттығуға кірісті
06 Қараша 2020, 06:28 140

Байдарка мен каноэ есуден ұлттық құрама оқу-жаттығуға кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байдарка мен каноэ есуден ұлттық құрама мүшелері Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жаттығу жиынына құрама сапынан 17 спортшы шақырту алған. Жоспар бойынша спортшылар 1-15 қараша аралығында жалпы физикалық дайындықтарын шыңдайды. Ал 16 қарашадан бастап арнайы физикалық дайындық жұмыстарына кіріседі.

Оқу-жаттығу жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...