Бас жаңалықтар
Баян-Өлгийдегі алып домбыра
VIDEO
05 Сәуiр 2020, 19:17 360

Баян-Өлгийдегі алып домбыра

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлттық музыка аспабы, рухани қазынасының қайнар көзі - домбыра. Ғалымдар домбыра аспабының тарихы 6 мың жылдан арыға кететінін айтады.

Қазақ халқы жас болсын, кәрі болсын домбыра шерте алуы керек деп санайды.

Қазақтың осыбір ұлттық жауһары қазір Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағындағы орталық музейде тұр. Бұл домбыраның ерекшелігі - оның салмағы 100 кг. Сонымен бірге бұл ұлттық аспап Монғолияның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері А.Станбулдың құрметіне оның ұрпағы арнайы жасатқан.

Домбыраны Моңғолия Республикасы Эрдэнэт қаласында тұратын шебер-оюшы Ч.Энх-Отгон жасаған. Биіктігі 3 метр болатын ұлттық аспаптың салмағы 100 кг. Бұл домбыра бұған дейін Орталық Азиядағы ең үлкен ұлттық аспаптарының бірі болған. 


Алайда 2018 жылы Қытайда тұратын қандастарымыз ағайынды Бақытнұр мен Бақыткелді аталған домбырадан екі есе үлкен - биіктігі 7,5 метр болатын домбыраны жасап шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев шілде айының алғашқы жексенбісін "Ұлттық домбыра күні" деп жариялау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - делінген болатын жарлықта.



Фото: дереккөз
Видео: дереккөз
Загрузка...