Баталов: Күллі адамзат баласы анаға мәңгі қарыздар

7 Наурыз 2021, 21:39
1847
Бөлісу:
Баталов: Күллі адамзат баласы анаға мәңгі қарыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай обылс қыз-келіншектерін құттықтады.

 

Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Жыл сайын бұл мерейлі мерекеде әйелдер қауымына, ардақты аналарымызға жүрекжарды лебіз, ақ ниет, ізгі тілек білдіріп, құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Бұл заңды да, өйткені күллі адамзат баласы анаға мәңгілікке қарыздар - деді ол.

 

Қазақ халқы «Әйел күннің шуағынан жаралған» дейді. 

 

Расында да көктемнің жылылығы мен әйел-ананың қайталанбас рухани сұлулығы өзара астасып, Табиғаттың тұтастығын бейнелеп тұрғандай. Көктем жердегі тіршіліктің қайнары болса, Ана – өмірдің бастауы. Береке мен молшылыққа, адамгершілік пен ізгілікке баулитын барлық асыл қасиеттер ең алдымен нәзік жандарға тән. Әйелдердің бойынан ақыл да, білім де, қайрат та, жігер де молынан табылады. Әсіресе, індетпен күрес кезінде медицинада және басқа да салаларда алдыңғы шепте жүрген әйел азаматшалардың ерлікке тең еселі еңбектеріне бәріміз бас иеміз - деді әкім құттықтауында.

 

Амандық Баталов сонымен қатар, аналардың отбасына береке-бірлік тіледі.

Сіздердің отбасымен қатар, қоғамда да жауапкершілік жүгін тең көтере жүріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан зор үлестеріңіз үшін, ерік-жігерлеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтарын лайықты тәрбиелеп, жаңа дәуірдің жемісті жылдарына куә болып, аман жүріңіздер. Осынау шуақты мерекеде баршаңызға ортаймас бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық, мол ырзық, берекелі де ұзақ ғұмыр тілеймін! 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы