Атырауға шектеу шаралары енгізілгеннен кейін 26 мыңға жуық адам келген

7 Наурыз 2021, 21:19
1747
Бөлісу:
Атырауға шектеу шаралары енгізілгеннен кейін 26 мыңға жуық адам келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша «Атырау – Астрахань РФ» мемлекеттік шекарасында «Құрманғазы» автоөткелі арқылы азаматтардың келуіне мониторинг күнделікті жүргізіліп келеді. Бұл туралы  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

2021 жылдың 4 наурыз күні Атырау облысының аумағына «Құрманғазы» автоөткеліндегі мемлекеттік шекарадан 143 адам, оның ішінде 14 жолаушы және 129 халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер өткен.

Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Атырау облысына 25 759  адам, оның ішінде 3 707 жаяу жолаушы, 22 052 жүргізуші келген. ПТР анықтамасыз келген 277 шетел азаматтарына ел аумағына өтуіне тыйым салынған. Сонымен қатар, анықтамасыз келген 2 741  ҚР азаматтарына COVID-19-ға ПТР-тестілеу жүргізіліп, нәтижесінде COVID-19-дың шеттен әкелінген 9 жағдайы (6 жүргізуші, 3 жолаушы) анықталған.

Өзгелердің жаңалығы