Бастысы, бізде тұтастық бар – саясаттанушы

8 Қаңтар 2021, 13:19
2418
Бөлісу:
Бастысы, бізде тұтастық бар – саясаттанушы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Электоралдық компания қарсылық шараларына ұласқан Қырғызстан мен Белоруссиядағы жағдай алаңдауға негіз болуы мүмкін. Дегемен бізде тұтастық бар. Бұл туралы Қазақстан зерттеулер институты ұйымдастырған сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында саясаттанушы Жанар Түлендиева айтты.

Оның айтуынша, аталмыш елдердегі жағдайды пандемия кезіндегі жұмыссыздық, табыстың азаюы да ушықтырып тұр. 

Әлеуметтік жағдайы ұқсас болғандықтан Қазақстанның да мұндай кризистік проекцияға тап болуы мүмкін. Дегенмен олардың арасында өзге салаларда дистанцияның бар екенін де ескеруіміз керек, - деді ол.

Оның айтуынша,билік пен күш құрылымдарының, ішкі элитаның деградациясы байқалған Қырғызстанға қарағанда біздің елде мемлекеттік билік пен қоғамның тұтастығы, бірлігі бар. Саяси жүйе «кеңестік күйде» қалып қойған Белоруссиямен салыстырғанда саяси кеңісітікте жаңашылдықтар кіріктірілген, әлі де даму тенденциясы байқалады.

 Елде өткен жылы парламенттік электоралды компанияға дайындық жасалды. «Сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізіліп, жастар мен әйелдерге арналған 30 пайыздық квота берілді, «Партия туралы» заң қабылданып, төменгі шек 20 мың адам болып өзгертілді, праймериз өтті. Митинг туралы заң қабылданды, - деді ол.

Сондай-ақ, елде 2007 және 2017 жылдары екі Конституциялық реформа жүргізіліп, басқару жүйесі жетілдірілді. 2019 жылы билік ауысты. Халық пен атқарушы органдардың арасындағы көпір «Еститін мемлекет» концепциясы жүзеге асырылуда.

Оның айтуынша, алдағы Парламент сайлауы билік транзитінің қорытынды этапы. Оның саяси интситуттардың өз рөлі мен мазмұнын дұрыс саралап, «Мықты Президент – ықпалды Парламент» эгидасымен өтіп жатқаны қуантады.

Өзгелердің жаңалығы