Бас жаңалықтар
Бастау бизнес: Жобаның екінші легіне қанша адам қатыса алады?
14 Мамыр 2021, 11:39 218

Бастау бизнес: Жобаның екінші легіне қанша адам қатыса алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіп негізін үйренемін деген қазақстандықтар 17 мамырдан бастап «Бастау Бизнес» жобасының екінші легінде оқуға онлайн өтінім жібере алады.

Екінші лекке ең көп өтініш қабылдайтын аймақтардың қатарында Жамбыл  және Түркістан облысы бар.

Еліміз бойынша жобаның екінші легінде шамамен 8 700-ден аса адамды оқыту жоспарланып отыр. Оқу әдеттегідей 21 күнге созылады және онлайн форматта өтеді, - деді «Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Анастасия Шандрыга.

«Атамекен» ҰКП тек Жұмыспен қамту орталығы берген жолдама мен жеке куәлік негізінде жіберілген өтінімді қабылдайды. Ал жолдаманы беру тәртібін азаматтар өз өңіріндегі Жұмыспен қамту орталығынан біле алады.

Айта кетейік, жобаның бірінші легіне 10739 адамның өтінімі қабылданды. 11 мамырдағы жағдай бойынша 5616 адам бизнес жоспарын дайындап жатыр. 

Ал үшінші лекке 14 маусымнан бастап өтінімдерді тіркеу, 12 шілдеден бастап төртінші лекке, 9 тамыз бен 6 қыркүйектен бастап сәйкесінше бесінші және алтыншы лектерге тіркеу басталады. Оқу кестесі өңірлік палаталардың барлық сайтында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында орналастырылған. Сондай-ақ тыңдаушылар үшін 1432 колл-орталығы жұмыс істейді. Биыл еліміз бойынша 30 000 адамды оқыту жоспарланған. 

Еске салайық, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын іске асыып келе жатыр. 

2017-2020 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 151 мың тыңдаушы кәсіпкерлік негіздерін оқыды, оның ішінде 4 жылда 44 мың жоба (29%) іске қосылды. Оның 60%-ы ауыл шаруашылығы саласында. Қалған бөлігі – сервис, сауда және т.б. Алайда, ауылда ашылған жобалардың көбі (шамамен 80%) АӨК саласында – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында іске асырылады.
 


Фото: дереккөз
Загрузка...