Бас жаңалықтар
"Бүгіннен бастап қатаң оқшаулауда боламын". Семей әкіміне вирус жұқты
01 Шілде 2020, 14:56 148

"Бүгіннен бастап қатаң оқшаулауда боламын". Семей әкіміне вирус жұқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирус індетіне шалдыққаны анықталды. Бұл туралы қала әкімінің өзі хабарлады.

Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады. Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! - деп жазды Ермак Сәлімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Фото: дереккөз
Загрузка...