Трамп Зеленскийді Путинмен кездеспей-ақ Ресеймен келісімге келуге шақырды

 x.com/whitehouse 21 Қазан 2026, 09:15
21 Қазан 2026, 09:15
182
Фото: x.com/whitehouse

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісім жасау үшін Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің жеке кездесуін өткізу міндетті емес екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ украин халқы соғыстың жалғасуына бұдан әрі шыдай алмайтынын айтып, Украина көшбасшысын ұсынылған шарттарды қабылдауға шақырды. Бұл туралы Трамп 20 қазанда Ақ үйде журналистермен тілдесу кезінде хабарлады.

«Оларға бір бөлмеде болу қиын. Бұның қалай жасалатыны мені қызықтырмайды», – деді Америка президенті екі көшбасшының тікелей келіссөздерінсіз де бейбіт келісім жасау мүмкіндігін түсіндіре отырып.

Трамп Путин мен Зеленский арасындағы терең араздықты тағы да атап өтіп, өзінің пікірінше, Украина мәмілеге келуге дайын болуы керектігін баса айтты.

«Оған мәмілеге келуді қалау керек болады. Өйткені, меңіңше, оның халқы бұдан әрі бұған шыдай алмайды», – деді АҚШ президенті.

Америкалық көшбасшы сондай-ақ Вашингтонның Украинаға айтарлықтай қолдау көрсеткенін, бірақ орнына, оның айтуынша, тек адам шығыны мен қаржылық шығындар алғанын мәлімдеді.

«Орнына біз қайғы-қасіреттен, өлімнен және орасан зор ақшалай шығындардан басқа ештеңе алған жоқпыз», – деді Трамп.

Ол сонымен бірге америкалық салық төлеушілердің Украинаны қолдауға кететін шығындардан шаршағанын қоса айтты.

Оның сөзінше, Киевке берілетін қаржылай көмекке мұндай көзқарас Еуропалық Одақ елдерінде де байқалады. Журналистермен тілдесу барысында АҚШ президенті Владимир Путинмен сөйлесу кезінде 73 жастағы АҚШ азаматы Стивен Хаббардты босатуды сұрағанын да айтты.

2024 жылдың қазан айында ресейлік сот Хаббардты жалдамалы әскер болды деген айыппен жалпы режимдегі колонияға алты жыл сегіз айға соттаған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, америкалық 2014 жылдан бері Украинада өмір сүрген, ал 2022 жылдың ақпанында Харьков облысының Изюм қаласының аумақтық қорғаныс күштеріне қосылған. Сонымен бір жылдың сәуір айында оны ресейлік әскерилер ұстаған. AFP агенттігі Хаббардқа ресейлік түрмеде қатыгездік көрсетілгені туралы хабарлаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Зеленский мен Трамптың өкілі Ослодағы келіссөздерде кездесетіні хабарланды. 

Наверх