Үкімет басшысынан қатаң сөгіс алған вице-министр: Басшылықтың шешімі талқыланбайды

12 Ақпан 2019, 13:39
2014
Бөлісу:
Үкімет басшысынан қатаң сөгіс алған вице-министр: Басшылықтың шешімі талқыланбайды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин аталған мәселеге қатысты пікір білдірді.


«Сөгіске тоқталайын. Кез келген мемлекеттік қызметкер немесе погон таққан азамат басшысының шешімін сынамайды. Менің ойымша, біздің ескерту мен қатаң сөгіс алуымыз объективті. Сондықтан бағынышты азаматтарды жазалау шарасы емес, ендігі жолы 5 бес баланың өмірін жалмаған қайғылы оқиға болмас үшін жұмыстар жүргізіледі», - деді вице-министр Үкімет отырысынан соң журналистерге.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері ішкі істер министрінің орынбасарынан «Үкімет басшысының сынын кемсітушілік деп бағаламайсыз ба?» деп сұрақ қойды.

«Менің ойымша, жұмысымызға бағаны қызметкерлер ғана емес, халық та береді. Жауапкершілікті сезіне отырып, бар жұмысты қатардағы қызметкерлер атқаратынын айтқым келеді. Оған қанша адамның өмірі құтқарылғаны туралы дерек те кіреді. Мұны бегілеп отырамыз», - деп түйіндеді сөзін Юрий Ильин.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өңір басшыларын сынға алып, өрт қауіпсіздігіне жауапты бірқатар шенеунікке сөгіс жариялағанын жазғанбыз.


Дәурен Ерболат 

Өзгелердің жаңалығы