Баспананы рәсімдеуге қатысты жаңа жоба іске қосылады
02 Қараша 2021, 19:44 119

Баспананы рәсімдеуге қатысты жаңа жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп азаматтарға үйден шықпай құрылыс салушыдан онлайн форматта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасын іске қосады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл процесс құрылыс салушының платформасын және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесін интеграциялау арқылы, құрылыс салушының сайтында тұрғын үйді таңдауды, ипотека алуды автоматты тексеруін қамтиды.

Ипотеканы мақұлдағаннан кейін, кепіл шарты және сатып алу-сату шартын рәсімдеу автоматты түрде жүргізіледі, мәміле тараптарымен қол қойылады және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына тіркеуге онлайн форматта жіберіледі, – делінген хабарламада.

Тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама құрылыс салушының сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...