Баскетболдан ел спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

16 Мамыр 2019, 09:45
1890
Бөлісу:
Баскетболдан ел спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстанның V Спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды, деп жазды Olympic.kz. 

Финалда Маңғыстау облысының командасын 90:43 есебімен ұтқан Нұр-Сұлтан командасы жарыс жеңімпазы атанды. 

Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Ақмола облысы жеңіске жетті. Ақмолалық команда Павлодар облысының өкілдерін 89:83 есебімен ұтқан. 

Турнир Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі, сондай-ақ, ҚР Баскетбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Өзгелердің жаңалығы