Бас консулдық: Гонконгтен 208 қазақстандық студент кетіп қалды

22 Қараша 2019, 15:45
2287
Бөлісу:
Бас консулдық: Гонконгтен 208 қазақстандық студент кетіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас консулдық Гонконгтағы қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп, барлық қазақстандық студентпен байланыс орнатып, қала аумағынан кетуді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның Telegram каналына жазды.


Бас консулдық Гонконгтағы қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп барлық қазақстандық студенттермен байланыс орнатып, қала аумағынан кетуді ұсынды. Бүгінде Гонконгтан 208 студент кетіп қалды. Жақын арада тағы 14 студент қала аумағынан шығады деп жоспарлануда. Біздің кейбір студенттеріміз Гонконгтан қазақстандық дипломаттарды хабардар етпей кетуде, - делінген хабарламада.

СІМ өкілі Гонконгте төтенше жағдай енгізілмегенін атап өтті. 

Біз тек біздің студенттерге ғана Қазақстанға қайтып келуді ұсынамыз, өйткені университеттер келесі семестр басталғанға дейін, яғни 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтатты. Бұл тек ұсыныс, ешкімді қаладан кетуге мәжбүрлей алмаймыз. Қалада қалған барлық студенттермен дипломаттар байланыс орнатып, оларға әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын, - деді ведомствода.

Бүгінде консулдық есепте 195 студент тұр, бірақ байланысқа 250-ге жуық студент шыққан. Олардың барлығына көмек көрсетіліп жатыр.

Консультациялық көмек көрсетеміз, қажет болған жағдайда әуежайға дейін жеткіземіз. Студенттердің бір бөлігі өздерін қауіпсіз сезінуіне байланысты Гонконгта қалуға ниет білдірді, - деп жазды хабарламада.

Гонконг аумағынан кету ұсыныстары тек қазақстандық студенттерге ғана қатысты.

ҚР азаматтарын қауіпсіздік жағдайы тұрақтанғанша Гонконгқа аса қажеттіліксіз бармауға шақырамыз. Гонконгта болуға мәжбүр болған азаматтарды барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауды сұраймыз. Жағдайдың мән-жайын БАҚ-та және Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығының ресми сайтында бақылап отыруға болады, - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы Гонконг баптист университетінің бірінші курс студенті ұсталған болатын. Сондай-ақ, Гонгонгтағы қазақстандық студенттер елге қайтарылатынын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы