Гонконгтағы қақтығыс: Қазақстан азаматы ұсталды

20 Қараша 2019, 19:35
9677
Бөлісу:
Гонконгтағы қақтығыс: Қазақстан азаматы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қарашада наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы Гонконг баптист университетінің бірінші курс студенті ұсталды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Консул біздің азаматымызбен кездесті, оның денсаулық жағдайы тұрақты. Оны ұстау кезінде құлау салдарынан оң қолының шынтағы аздап жырылған. Уақытша тергеу изоляторындағы жағдайға шағымы жоқ. Бүгін ұсталған студенттің ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтті. Қазіргі уақытта бас консулдық бұл істі ерекше бақылауға алып, дипломаттар біздің азаматтың құқықтарының сақталуын қадағалайтын болады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, дипломаттар қылмыстық істер бойынша адвокатты іздестіруде. Соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталып, жаппай қамауға алынуына байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Гонконгта оқып жатқан барлық студенттерге Қазақстанға оралуды ұсынады.

  Естеріңізге сала кетейік, Гонгонгтағы қазақстандық студенттер елге қайтарылатынын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы