Бас жаңалықтар
"Барыс" хоккейшілері "Салават Юлаевты" жеңді
09 Қазан 2019, 23:48 175

"Барыс" хоккейшілері "Салават Юлаевты" жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық "Барыс" хоккей командасы сырт алаңда "Салават Юлаев" командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уфа қаласында өткен ойын 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.  "Барыс" сапынан Даррен Диц пен Кертис Волк шайба соқты.

Андрея Скабелка шәкірттері жаңа маусымды сәтті бастай алған жоқ. Алғашқы 6 ойынның үшеуінде жеңіліп қалды.

Бірақ көш жүре түзеліп келеді. Елордалықтардың қазіргі қадамы жаман емес. "Салават Юлаев" (Уфа, Ресей) - "Барыс" (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)
0:1 - Диц (Михайлис, Тангрэйди) 11:42
1:1 – Маннинен (Умарк) 34:42
1:2 – Волк (Диц, Михайлис) 44:18 ГБ
Қақпашылар: Метсола - Паскуале





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...