Бас жаңалықтар
#BAQ.KZ10жыл: Кеше және бүгін
VIDEO
25 Қараша 2020, 12:01 326

#BAQ.KZ10жыл: Кеше және бүгін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында құрылған BAQ.KZ агенттігі 10 жыл ішінде көптеген тарихи оқиғаның куәгері болды.

BAQ.KZ  - Қазақстанның түпкір түпкірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы. Мақсаты – интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру. 

Бүгін BAQ.KZ ақпарат агенттігі 10-ға толды. Осы 10 жыл ішінде агенттік дамудың бірнеше кезеңінен өтті. Алғашқыда аймақтық басылымдардың беделін көтерумен жұмысын бастаған агенттік, бүгінде бұқаралақ ақпарат құралы нарығында өз орнын тапқан басты ақпарат құралына айналды.

Қазірге дейін аталған ақпарат агенттігінде Қамбар Ахметов, Серғали Балажан, Ботагөз Мақыш, Ержан Әбдіраман, Ерлан Оспан бас редактор қызметін атқарды. Олардың әрбірі сайтты заман ағымына сай өзгертіп отырды. Агенттіктің құрылып, дамуына үлес қосқан азаматтар BAQ.KZ порталының өткеніне көз жүгіртіп, жылы лебіздерін білдірді.




Фото: BAQ.KZ
Загрузка...