Бас жаңалықтар
Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды
16 Желтоқсан 2020, 02:42 413

Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жыл соңына дейін кезекте тұрған 90 адам тұрғын үй алуы тиіс. 45 пәтерлі екі үй пайдалануға беруге дайын.

Жыл соңында көпбалалы аналарға пәтер кілтін тапсыру игі дәстүрге айналды. Үйлеріңіз әрқашан ашық және жайлы болсын! – деп Балқаш қаласының басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Сейфуллин көшесіндегі бес қабатты үй ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған. Осы жылдың жазында жергілікті инвестор пәтерлердің орналасуын көпбалалы отбасыларға бейімдей отырып, ғимаратты қалпына келтіруге кірісті. Бұл Балқаштағы бір бөлмелі пәтері жоқ жалғыз үй, мұнда тек екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер бар. Құрылысшылар 5 ай ішінде ғимаратты қалпына келтірді. Сонымен қатар коммуникациялар жүргізілді.

Үйдің қасбеті отбасы тақырыбындағы муралмен безендірілген. Аула абаттандырылды: корт жөнделді, орындықтар қойылды, тас төселді және жол асфальтталды.

Сондай-ақ үйдің жанындағы алаңды да абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.




Фото: дереккөз
Загрузка...