Баландин Қытайдағы жарыста қола медаль жеңіп алды

15 Қаңтар 2020, 10:47
1991
Бөлісу:
Баландин Қытайдағы жарыста қола медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шеньчжэнде (Қытай) халықаралық жүзу федерациясының (FINA) Champions Swim Series жарысының бірінші кезеңі басталды. Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:00.55 уақытта жүзіп өткен, деп хабарлады Olympic.kz.

Ал бұл жарыста Арно Камминга (Нидерланд) жеңімпаз атанды. Ол 100 метрді 58:61 уақытта жүзіп өткен. Күміс жүлдені 59.02 нәтижесімен Зибей Ян жеңіп алды. 
Айта кетейік, бүгін, 15 қаңтарда Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі.

Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланд) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері АҚШ спортшысы Джон Прено қатысады.
Өзгелердің жаңалығы