Балаларымызды жемқор болуға тәрбиелеп жатырмыз – Үмбетжанова

11 Тамыз 2020, 11:49
2210
Бөлісу:
Балаларымызды жемқор болуға тәрбиелеп жатырмыз – Үмбетжанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балаларымызды жемқор болуға тәрбиелеп жатырмыз, деді "Antikor live" жобасы аясында өткен онлайн брифинг барысында психолог Гүлбану Үмбетжанова. 

Психологтардың айтатыны: баланы емес, өзіңді тәрбиеле. Ата-ана өздері адалдық пен тәртіптіліктің үлгісі болуы керек. Себебі олардың айтқаны мен істегені сәйкес келмесе, бала оны қабылдамайды. Екіншіден, біз отбасыларымызда болашақ жемқорларды тәрбиелеп жатырмыз. Өкінішке қарай, біз балаларымызды ешкімде есесін жібермеуге тәрбиелейміз. Мысалы, "саған біреу тиіссе, есесін қайтар" деп агрессияға итермелейміз. Сондай-ақ, "білмесең, біреуден көшіріп ал, екі алмасаң болды" дейміз. Олардың кейбір тәртіпті айналып өтіп, өзінің мақсатына жетуіне итермелейміз, - деді ол.
 
Ол атағандай, барлығы осындай қарапайым заттардан басталады. 
Сондай-ақ, біз балаларды мамандық таңдауда да адастырамыз. "Егер де сен осы мамандықты таңдасаң, айлығың көп болады" дейміз. Бұл заңсыз келетін ақшаны астарлау. Мысалы, қазір неге балалардың көбі шенеунік болғысы келеді? Себебі бұл лауазым қосымша табысы бар таптаурын ретінде қалыптасып қалған. Ал мұғалімдер мен әкімдікте істейтін қызметкерлердің жалақысы бірдей болуы мүмкін. Алайда мұғалімде билік жоқ. Ал қатардағы әкімдік қызметкерінде билік болған соң, қосымша ақша жасауы мүмкін. Сондықтан да ата-аналар балаларды бейсаналы түрде жемқорлыққа итермелейді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы