Бас жаңалықтар
Балаева өз министрлігі Жолдауды қалай жүзеге асырып жатқанын айтты
23 Қазан 2020, 12:42 176

Балаева өз министрлігі Жолдауды қалай жүзеге асырып жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы айтты.

Біздің министрлікке «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды одан әрі дамыту аясында 5 негізгі бағыт жүктеліп отыр. Атап айтқанда, қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейту, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік органдардың ақпаратын қоғамға қолжетімді ету, медиация саласын дамыту, онлайн өтініштердің бірыңғай заңды институтын құру. Осы міндеттерді орындаудың негізгі тәсілдерін атап өтсек, - деді ол. 

Балаева атап өткендей, мемлекеттік органдар жанынан құрылған қоғамдық кеңестер институты 2015 жылдан бастап жұмыс істеп тұр.

Нәтижесінде ел бойынша орталық және жергілікті органдар жанынан 234 қоғамдық кеңес құрылды. Олардың қатарына 3,5 мыңнан астам белсенді азамат тартылды. Кеңес отырысында осы уақытқа дейін 19 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер жобасы қаралыпты. Бүгінгі таңда барлық құқықтық-нормативтік акт жобасын қоғамдық кеңестермен келісу міндеттелген. Бұл халықты мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік беріп, әзірленген актілердің сапасын көтерді, - деді ол. 

Министр айтып өткендей, қоғамдық көлік, жол жөндеу, құрылыс және ПИК қызметі, ең қажетті тауардың бағасы және өзге де тақырыптар бойынша мыңнан астам зерттеу жүргізілді. 

1,5 мыңнан астам қоғамдық талқылау өткізіліп, сумен қамту, санитарлық ахуалды жақсарту, медицина мен білім беру саласындағы қызмет көрсету сапасы сынды тақырыптар талқыланды. Оның барлығы қоғамдық кеңестердің қажеттілігі мен мүмкіндігі ғана емес, бұл жобаның келешегі зор екенін көрсетіп отыр. Бұл институттың жаңа кезеңін өтіп отыр. Осыған орай, ақпарат министрлігі кейбір заңнамалық актіге «қоғамдық кеңестердің қызметі туралы» өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасын әзірледі. Ол қоғамдық талқылаудан өтіп, Мәжілістің қаралуында жатыр, - деді Балаева.


Фото: дереккөз
Загрузка...