Бас жаңалықтар
Балаева: Қарапайым азаматтардың үндеуін назардан тыс қалдыруға болмайды
22 Мамыр 2020, 22:14 335

Балаева: Қарапайым азаматтардың үндеуін назардан тыс қалдыруға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты.

Жергілікті жерлердегі жұмысты жетілдіру және тәсілдерді өзгерту қажеттілігінде күмән жоқ. Біз жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тиімділігін егжей-тегжейлі зерттейміз. ККО жақсы ұсыныстар әзірлейтіндігі анық, алайда олардың орындалуы бұл басқа мәселе, - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ, Аида Балаева биылғы жылы Министрлік ұлттық компаниялар мен холдингтердің ашықтығын алғаш рет бағалағанын атап өтті. Бағалау қорытындысы квазимемлекеттік сектордың осы бағыттағы жұмысының жеткіліксіз деңгейін көрсетті. Мәселен, ресми сайттарда ұйымдардың қызметі туралы толық ақпарат берілмеген, ашық деректер жинағы орналастырылмайды және бірінші басшылардың блогтарына келіп түсетін өтініштер қараусыз қалады.

Қарапайым азаматтардың үндеулерін назардан тыс қалдыруға болмайды - бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізгі қағидасын бұзады. Қазақстандықтар үшін барлық мемлекеттік органдарға қолжетімділіктің болуы шарт, - деді министр.

Сондай-ақ, отырыста "Transparency Kazakhstan" ҚҚ өкілі "Қазақстанның заң жобалау қызметіне қатысу және ықпал ету индексі" тақырыбындағы зерттеудің қорытындысын ұсынды. Оның нәтижелері бойынша жұртшылықтың Қазақстандағы заң шығарушылыққа әсері 38,9 балды құрап, орташадан төмен деңгейде екенін көрсетті.

Сонымен қатар, заң жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулер көбінесе билікпен формалды түрде қаралады, бұл заң жобалау қызметіне азаматтардың пассивті қатысуына әкеледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ашықтық пен кері байланыстың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ халықты заң шығару процесіне тарту жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Сондай-ақ, Комиссияның отырыстарын онлайн-трансляция режимінде Министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында өткізу туралы шешім қабылданды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...