І - Bala театрының тұсауы кесілді

11 Ақпан 2019, 15:49
2251
Бөлісу:
І - Bala театрының тұсауы кесілді

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Қала мектептерінен 400-ден аса бала кастингтен өткен.

І - Bala театры "Қара шекпен" спектаклімен ашылды. Премьера оқушылар сарайының театр залында өтіп, жас көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

"Психологиялық иірімдерге толы, қоғамда орын алған екіжүзділік, жағымпаздық, сатқындық, қатыгездік, алдау-арбау т.б. жағымсыз әрекеттерді ашып көрсететін қойылымды оқушы-әртістер нанымды жеткізе білді, деп ойлаймын. Жас әртістер болашақта да бірнеше спектакльді сахналауды жоспарлап отыр. Мұндай терең мағыналы қойылымдар жастардың бойындағы ізгі қасиеттерді тәрбилеуде алар орны зор", - деді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Басты Тұзар рөлінде 38 мектеп-лицейдің оқушысы Дарын Жандосұлы ойнады. Сондай-ақ, 51 мектептің оқушысы Айбын Жұпар мен 10 мектеп оқушысы Арапбек Олжастың ойыны жас көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Театрдың көркемдік жетекшісі мен режиссері Берікхан Төкеновтың айтуынша болашақта оқушылар өздері шағын сценарийлер жазып, оның қойылу жұмыстарына да тікелей араласатын болады. 

І - Bala театрына оқушыларды іріктеу "Жас Ұлан" ұйымымен бірлесе отырып жүргізілді. Қала мектептерінен 400-ге жуық оқушы кастингтен өтіп, іріктелді. 

Самал Көшербекқызы


Өзгелердің жаңалығы