Бас жаңалықтар
Балқашқа биыл келетін ресейлік туристер саны артады
02 Сәуiр 2019, 10:44 769

Балқашқа биыл келетін ресейлік туристер саны артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Биылғы жылдан бастап Түмен өңірінің туристері Бурабай мен Балқаш көлінде демала алады. Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігі хабарлады.

Қарағанды және ресейлік туроператорлар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт Қазақстан мен Ресей арасындағы XV аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберінде орнатылды. Форум туризмді дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістерді талқылауға арналды.

Түмен тұрғындары үшін әзірленген тур бағдарламасы ҚР Елордасының көрнекті жерлеріне шолу экскурсиясын және Балқаш көліне трансферді қамтиды. Түмендіктерді жаңа туристік маршрутта күн мен жағажай демалысы ғана емес, сонымен қатар тартымды бағалар да қызықтырады деп болжануда. 

Балқаш курорттық аймағы – туризмнің өңірлік дамуының негізгі нүктелерінің бірі. Ол республикалық туристік картаның ТОП-10 нысанына енгізілген.
Ішкі және сырттан келу туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жаңа нысандарды салуды, жағажайларды абаттандыруды, коммуникацияларды жүргізуді көздейді. Негізгі нысан ретінде екі демалыс аймағы анықталды — Шұбар-Түбек және Торыңғалық. 
Биылғы жылы ұзындығы 360 шақырымды құрайтын төрт жолақты "Қарағанды-Балқаш" автобанының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

 

Загрузка...