Баешева: Дүрбелеңге салынып, бірінші күні ауруханаға жүгірмеу керек

17 Маусым 2020, 18:01
8519
Бөлісу:
Баешева: Дүрбелеңге салынып, бірінші күні ауруханаға жүгірмеу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аурудан бұрын қорқыныш бізді құртып жіберуі мүмкін. Бұл туралы жетекші инфекционист дәрігер Динагүл Баешева денсаулық сақтау министрлігінің онлайн брифингінде мәлімдеді.

Біріншіден, сабырлық керек. Бүкіл нәрсе уайымнан пайда болады. Обырдың өзі де уайымнан пайда болады. Уайым деген адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Аурудан бұрын қорқыныш бізді құтып жіберуі мүмкін. Мен де бір науқасты қарап, одан кейін коронавирус табылып, маған да жұққан шығар деп уайымдадым. Осылай ақпарат беріп отырсам да, өзім қорқа бастадым. Оған, әрине, қорқыныш кінәлі. Науқастарды емдеген дәрігерлер де қорқынышпен, үреймен жүреді. Алайда, сезімге берілмей, санаға салу керек, - деді ол. 

Маманның айтуынша, дүрбелеңге салынып, бірінші күні ауруханаға жүгірмеу керек. 

Термометрмен дене қызуын өлшеп, жағдайыңызды бақылаңыз. Күмәнді дәлелдеу керек. 2-3 күн жағдайыңызды бақыласаңыз, осы уақытта ештеңе өзгермейді. 2-3 күнде жазылып кетуіңіз де мүмкін. Ал дене қызуыңыз түспей, сүйектеріңіз сырқыраса, алайда ешкіммен байланыста болмасаңыз, үй жағдайында емделуге барынша тырысыңыз. Осындай жағдай болып, таныстарыңыздың ішінде вирус анықталған біреу болса да, бірден ауруханаға жүгіруге болмайды. Бұл жағдайда қорқудың қажеті жоқ, - деді Динагүл Баешева. 

Баешева 65-тен асқан немесе қант диабеті бар адамдарда осындай ауру белгілері анықталса, міндетті түрде уақытылы дәрігерге көріну керегін айтты.

Мұндай дерті бар адамдарда ауру басқаша өтуі мүмкін. Олардың иммунитеті төмен болғаннан кейін, ауру клиникасы басқалай өтуі мүмкін. Сондықтан да, осыны да ескеру қажет, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы