Аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Ел аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

 pixabay 23 Қазан 2026, 23:31
23 Қазан 2026, 23:31
162
Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 24 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. 

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы қ.: түнде 2-4 градус үсік күтіледі. Қонаев қ.: түнде 2-4 градус үсік күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Өскемен қ.: түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, облыстың шығысында қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Түнде 2-4 градус үсік күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Түнде 2-7 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: түнде 3-5 градус үсік күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Наверх