Бақыт Сұлтанов маска мен антисептиктер өндірісі туралы айтты

21 Наурыз 2020, 15:31
1614
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов маска мен антисептиктер өндірісі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында медициналық маска мен антисептиктер өндірісі туралы жазды.

Төтенше жағдай кезінде елдің барлық ресурстары COVID-19 қарсы әрекет ететін "жұмылған жұдырыққа" топтастырылды. Елімізде қорғаныс маскалары мен антисептикалық құралдар өндірісі ашылуда. Төтенше жағдайда жедел әрекет ету қажет болған кезде нарыққа кіру де жылдам жүзеге асырылады. Өте жедел. Біздің техникалық реттеу және метрология комитеті ұлттық аккредиттеу орталығы мен Қазақстан стандарттау институтымен бірлесіп кәсіпорындар өндірісін бастап кетуі үшін қысқа мерзім ішінде ҚР СТ "Қорғаныш маскалары техникалық талаптар" ұлттық стандартын әзірледі. Қажетті сынақтар өткізіліп, 1 млн данадан астам қорғаныш маскалары сертификатталды, - дейді Бақыт Сұлтанов.

Ол осы ретте Қазақстанда дезинсептиктер өндірісін жолға қою жоспарланып отырғанын айтқан.
Өйткені, дезинфекциялау және дезинсекциялау құралдары (тұрмыста және емдеу-алдын алу мекемелерінде қолдану үшін) Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жатады. Сауда министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен келісімге келді. Ол үшін денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы жедел тәртіппен қажетті зертханалық зерттеулер жүргізеді ("бейбіт" жағдайда тиісті 3 ай емес, бір ай ішінде). Содан кейін денсаулық сақтау министрлігі бір күн ішінде мемлекеттік тіркеу туралы құжат беруге дайын. Иә, бір ай - бұл да қысқа мерзім екенін түсінеміз. Бірақ зерттеусіз қауіпті болуы мүмкін дезинфекциялау құралдарын қолданысқа жіберуге де құқымыз жоқ!, - дейді министр. 

Өз құжаттары мен үлгілерін сараптамаға СҚО-дан тұрмыстық химия өнімдерін өндіру тәжірибесі бар "Радуга" ЖШС жіберген. Олар еліміз үшін күрделі жағдайда антисептиктерді дайындауға көшкен.
Қазақстанның автохимия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы өз өндірісін елде сұранысқа ие антисептиктер мен дезинфекциялаушы құралдарды шығаруға қайта бейіндеуге дайын екендігін айтты. Олар мұқтаж адамдарға олардың өзіндік құнының бағасы бойынша, тегін жеткізуге дайын, - дейді Бақыт Сұлтанов.




Өзгелердің жаңалығы