Бәрінің көргенін күте алмаймын: Головкин Криштиану Роналдумен түскен суретін жариялады

5 Желтоқсан 2019, 03:13
5148
Бөлісу:
Бәрінің көргенін күте алмаймын: Головкин Криштиану Роналдумен түскен суретін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық боксшы Геннадий Головкин Италияның Турин қаласында "Ювентус" командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдумен кездесті.

Бүгін досым Криштиану Роналдуды көріп, уақытты жақсы өткіздім! DAZN-мен әріптестіктің арқасында қызықты жоба бар. Енді оны елдің бәріне көрсеткенше асықпын, - деп жазды Головкин Криштиану Роналдумен түскен суретінің астына.
06deae06-12f8-49ae-b79e-622e2e7399c0.jpg

GGG Криштиануға өзінің есімі жазылған бокс қолғабын сыйласа, атақты футболшы өз кезегінде қазіргі кезде ойнап жүрген "Ювентус" командасының 7-нөмірлі жейдесін тарту етті.

Өз кезегінде Роналду да инстаграм парақшасына Головкинмен түскен суретін жариялады.
 
fe07e15a-8c80-4e3f-8bc5-e9fb15ec9e7a.jpg

Өзгелердің жаңалығы