Бас жаңалықтар
Бүгін – темекі шегуден бас тарту күні
21 Қараша 2019, 16:53 355

Бүгін – темекі шегуден бас тарту күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлемде жыл сайын темекіден кем дегенде 8 миллион адам көз жұмады. 

Осыған орай Халықаралық темекі шегуден бас тарту күнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы шылым шегу барлық органдарға зиянды екенін ескертеді. 

Дені сау өкпе-салауатты өмір кепілі. Темекі шегуден миллиондаған адам өкпе обырымен, туберкулезбен, демікпемен немесе өкпенің созылмалы ауруларымен ауырады. Қараша айының үшінші бейсенбісінде өтетін Халықаралық темекі шегуден бас тарту күнін әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан да атап өтеді. Темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру – халықаралық темекі шегуден бас тарту күнінің негізгі мақсаты, - дейді Ұлттық орталықтың баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, темекі шегуден бас тарту импотенция ықтималдығын, жүктілік, мерзімінен бұрын босану, дене салмағы төмен балалардың туылуы мен түсік тастау мәселелерін төмендетеді.

Белгілі бір уақыт ішінде темекі шегуден бас тартқаннан кейін ағзада оң өзгерістер пайда болады. Мәселен, 20 минут ішінде сізде жүрек жиырылу жиілігі азаяды және қан қысымы төмендейді.12 сағат ішінде қандағы улы газдың мөлшері қалыпты деңгейге дейін төмендейді. 2-12 апта ішінде сізде қан айналымы жақсарады және өкпе функциясы күшейтіледі. 1-9 ай ішінде жөтел мен ентігу азаяды, - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...