Бүгін «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» бақ сынайды

19 Қыркүйек 2019, 19:05
1759
Бөлісу:
Бүгін «Астана» мен  «Манчестер Юнайтед» бақ сынайды
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Астана» клубының футболшылары «Манчестер Юнайтед» клубымен кездеседі. Еуропа Лигасының топтық ойыны бүгін, яғни бейсенбіден жұмаға қараған түні сағат 01:00-де басталады. 

Қазақстандық спортшылар Ұлыбританияға 16 қыркүйек күні келген. екі команда бүгін ойын алдындағы ашық жаттығуларын өткізді. Бұл туралы Қазақ радиосының жаңалықтар қызметі хабарлады.

Астана клубы Еурокубок ойындары аясында бүгінге дейін 70 матч өткізіп, оның 27-де жеңіске жеткен, 19 кездесуді тең аяқтаған. Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Л тобындағы  Астана футбол клубының бүгінгі Манчестер Юнайдетпен кездесуі сырт алаңдағы 71 ойыны болмақ. Командалар бүгін әйгілі Олд Траффорд стадионында   ашық жаттығу өткізген. Жаттығуға қатысқан радиожурналисттің хабарлауынша бүгінгі кездесуде ағылшындық клубтың бас бапкері жас ойыншыларға басымдық бермек. Ал, алаң қожайындары, футбол жұлдыздары Погба, Марсияль мен Шоу жарақат алған, демек алаңға шығуы екіталай. Астана футбол клубының ойыншылары кезедсуге сақадай сай және командаға белді ойыншылардың барлығы шығады.

Айта кету керек, Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы қарымта матч Нұр-сұлтан қаласында қараша айында өтеді. Бұл ағылшындық команданың астанаға алғаш келуі.

Өзгелердің жаңалығы