БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде ДАИШ-та қанша қаражат бар екені айтылды

12 Ақпан 2019, 09:44
1862
Бөлісу:
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде ДАИШ-та қанша қаражат бар екені айтылды

Алматы, BAQ.KZ. Түрлі бағалау бойынша ДАИШ-тың (Қазақстанда тиым салынған ұйым) қаржы қорында 50 ден 300 млн долларға дейін ақша бар.


Лаңкестік ұйымның содырлары әлем бойынша шабуыл жоспарларын жалғастыруда. Бұл туралы БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде дүниежүзілік ұйымның бас хатшысының орынбасары әрі лаңкестікке қарсы басқарманың басшысы Владимир Воронков мәлім етті, деп жазды РИА Новости.

Аталған ұйымның мәліметінше, бүгінгі таңда Ирак пен Сирияда 14-18 мыңға дейін ДАИШ содырлары жүр. Олардың шамамен 3 мыңдайы шетелдіктер.

Жиын барысында В.Воронков ДАИШ содырлары әлемнің түрлі аймақтарына қатер төндіріп отырғанын жеткізді.

«Олар жақын Шығыстан бастап Африка, әсіресе Солтүстік, Батыс және Шығыс Африкадан Еуропаға дейін, Орталық және Оңтүстік Азия, Оңтүстік-шығыс Азияда қауіп төндіруде»,-деді ол.

Бұған дейін Пентагонның баяндамасы жарияланған, онда егер ДАИШ содырларына қарсылық танытпасақ, олар жарты жылда Сирияны басып алады делінген.
Өзгелердің жаңалығы