Ақмола облысында 650-ден астам көпбалалы отбасы есепке алынды

12 Ақпан 2019, 09:27
1731
Бөлісу:
Ақмола облысында 650-ден астам көпбалалы отбасы есепке алынды

Астана, BAQ.KZ. Ақмола облысында екі күн ішінде 664 көпбалалы отбасы анықталып, есепке алынды, деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2018-2019 жылдардағы жылу маусымы басталғалы Ақмола облысының аумағында 206 өрт тіркелген. Осының салдарынан 24,3 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Өрттен және иіс тиіп 12 адам қаза болса, 5 адам жарақат алған. Өңірде тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау және қайғылы жағдайлардың болдырмау мақсатында ТЖД мен оның аумақтық және ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері үй-үйді аралап, тұрғындарға сақтық шараларын түсіндірді.

«Ақмола облысының аумағында 2 күн ішінде 7 350 жер үй тексеріліп, 18 313 азаматқа нұсқау берілді, 162 адамды қамтитын 6 жиын ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстарына Ақмола облыстық ТЖД 580 қызметкері тартылды. Тексеру барысында 188 уақытша баспана мен 664 көп балалы отбасы анықталып, есепке алынды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы