Бас жаңалықтар
Қазаннан бастап полиция қызметкерлері аттестаттаудан өтеді
02 Сәуiр 2019, 16:17 969

Қазаннан бастап полиция қызметкерлері аттестаттаудан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 2019 жылғы 1 қазанда басталады. ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды. Жарлықтың толық мәтіні төменде келтірілген:

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев    

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 сәуір      

№  15 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...