Азаматтық қоғамды дамытудың іс-шаралар жоспары белгілі болды

22 Қыркүйек 2020, 10:39
1902
Бөлісу:
Азаматтық қоғамды дамытудың іс-шаралар жоспары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша онлайн талқылаудың бірінші кезеңін өткізді. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет тұжырымдаманың қабылдаудағы мақсат елдегі азаматтық қоғамды дамытудың өзін-өзі ұйымдастыру екенін айтты. 

Сондай-ақ, ол билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың басымдығын анықтайды. Азаматтық қоғамды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру 2020-2030 жылдарға арналған. Бірінші кезең – алғашқы 5 жыл, екінші кезең – екінші 5 жыл. Бүгінгі таңда министрлік алғашқы 5 жылдықта жүзеге асырылатын жақын уақыттағы  шаралар кешенін әзірледі, - деді Қожахмет.

Оның айтуынша, жоспарланған шаралар Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларға негізделіп отыр. 

Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асыруын азаматтық бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қазір біз жобаның алғашқы нұсқасын қарадық. Мемлекет тарапынан қажетті ұстанымдарды жаздық. Алайда бұл әлі де соңғы нұсқасы емес. Оны талқылау бойынша 5 бағыт аясында 46 шараны жоспарлап отырмыз. Азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық реттелуі, азаматтық белсенділікті қолдау, азаматардың азаматтық қоғамға белсенді қатысуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру және азаматтық қоғамды  БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асыруға тарту сынды бастамалар бар, - деді ол. 

Айта кетейік, Азаматтық қоғамды дамыту туралы тұжырымдама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы