Жаңа заңның мақсаты - азаматтардың талабын билікке жеткізу - вице-министр

26 Мамыр 2020, 18:48
1693
Бөлісу:
Жаңа заңның мақсаты - азаматтардың талабын билікке жеткізу - вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин президент қол қойған митинг туралы заң жобасының мақсатын түсіндіріп өтті.

Бұл заңның негізгі мақсаты -азаматтардың билікке талабын білдіруіне мүмкіндік жасау, ең бастысы адамдардың өз құқықтарын естіртуге жағдай тұғызу болып табылады. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқығы азаматтарға да, ұйымдарға да берілген. Әр адамның үніне құлақ асқымыз келеді. Сонымен бірге бейбіт жиналыстар туралы заңнаманы қазір қалыптасқан жағдайдан, құқық қолдану тәжірибесінен, саяси мәдениет пен дәстүрден, саяси танымнан бөле жарып қарастыра алмайтынымызды түсінуіміз керек, - дейді Данияр Есин.

Оның айтуынша, 1995 жылғы заң өзінің тарихи миссиясын орындады.

1995 жылғы заң шеңберлі сипатқа ие. Негізгі құқықтық регламенттеу мәслихаттарға берілді. Бұл заңнаманы өңірлерде түрлі құқықтық регламенттеуге алып келді. Заңнаманың толық жетілмегендігі жергілікті өкілді органдардың түрлі талаптарын белгілеуге ықпал етті. Мысалы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізуге болатын орындарды ғана белгілесе, басқа өңірлер митингілер өткізуді қосымша регламенттеу бойынша жеке ережелер мен талаптарды айқындады, -дейді вице-министр.

Вице-министр айтқан жаңа заңның негізгі ережелері;

1.Заңнамаға бейбіт жиналыстардың базалық қағидаттарының  енгізілуі;
2.Заңнамаға ұғымдық ақпараттың енгізілуі;
3.Хабарлама тәртібін енгізу;
4.Заңнамада бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың және оған қатысушылардың құқықтарын және міндеттерін бекітуді көздеу;
5.Мемлекеттік органдардың құзіретін белгілеу;
6.Бейбіт жиналыстарды тек арнайы мамандандырылған орындарда өткізу (пикеттерден басқа);
7.Тыйым салынған орындарды қоспағанда кез келген жерде пикеттерді өткізу мүмкіндігі;
8.Бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тарту негіздерінің толық тізбесін белгілеу;
9.Үгіт-насихат институтын енгізу.

Айта кетейік, 25 мамырда мемлекет басшысы Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы тұжырымдамалық жаңа заңға қол қойған болатын.

1) зорлық-зомбылықсыз; 2) екінші заңдылық; 3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету; 4) ерікті қатысу. 5) жиналысты өткізу пайдасына болжам. Бұл осы жиналысты өткізуді шектеу немесе тыйым салудың дәлелді себептері болмаса, мұндай жиналысты өткізуге рұқсат беріледі дегенді білддіреді. 6) тараптардың жауапкершілігі. Бейбіт жиналыстардың барлық субъектілері қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік қағидаты

Өзгелердің жаңалығы