Азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқаруға мүмкіндік беру керек – Тоқаев

15 Қаңтар 2021, 10:47
1974
Бөлісу:
Азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқаруға мүмкіндік беру керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті бірінші сессиясының ашылуы барысында айтты. 

Әлеуметтік қамтамасыз ету саясатын қайта жаңғырту қажет. Әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс осы саланың кешендік сұрақтарына жауап береді. Әлеуметтік инфрақұрылымның тағы бір маңызды бөлігі – отандық зейнетақы жүйесі. Ол әділетті әрі тұрақты болып, адамдардың қызығушылығына жауап беруі керек. Біз маңызды бірегей реформаны іске қостық. Зейнетақы активтерін жартылай қолдануды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ, азаматтарға өздерінің жинақтарын әртүрлі әдістер арқылы басқаруға мүмкіндік беру керек, - деді ол. 

Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамытудың тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын айтты. 

Оның тәжірибелік қолдануы сапалы әрі заңды қамтамасыз етуді қажет етеді. Парламенттің жаңа құрамынан әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша нақты жұмыс күтемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы