Қазақстанның 4 теннисшісі «Roland Garros» додасында бақ сынайды

24 Мамыр 2019, 13:43
1559
Бөлісу:
Қазақстанның 4 теннисшісі  «Roland Garros» додасында бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Франция астанасы Парижде биылғы жылдың екінші «Үлкен дулыға» санатындағы турнирі «Roland Garros» додасының жеребесі тартылды.


Франция ашық біріншілігінде Қазақстаннан төрт теннисші қатысады. Әйелдер арасындағы жарыста Юлия Путинцева мен Зарина Диас бақ сынайды.

Диас алғашқы айналымда Одри Альбимен кездеседі. Ал Путинцева Ребекка Петерсонмен жолығады.
 
Ерлерден негізгі кезеңде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Кукушкин словакиялық Мартин Клижанмен келесі айналымның жолдамасына таласса, Бубликтің әлі қарсыласы анықталған жоқ. Ол іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен теннисшінің біреуімен кездеседі.

Жас теннисші Елена Рыбакина «Roland Garros» жарысының негізгі кезеңіне қатысудан үмітті. Ол үшін бүгін іріктеу бәсекесінде Нао Хибиноны жеңуі тиіс. 

Айта кетейік,  Париждегі Франция бірінішілігі 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

«Roland Garros» - теннистен әлемдегі төрт ірі турнирдің бірі. Бұл жарыс грунтта (топырақ) өтеді.


Өзгелердің жаңалығы