Бас жаңалықтар
Қазақстандық жас шахматшы дүниежүзілік олимпиададан жүлдемен оралды
07 Қараша 2019, 08:49 280

Қазақстандық жас шахматшы дүниежүзілік олимпиададан жүлдемен оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас шахматшы Назерке Нұрғали Түркияның Чорум қаласында өткен 16 жасқа дейін жасөспірімдер арасында дүниежүзілік шахмат олимпиадасынан жүлдемен оралды, деп хабарлады prosports.kz. 

Дүбірлі бəсекеде ол қыздар және ұлдар арасында да сынға түсті. Нәтижесінде қыздар арасында күміс, ұлдар арасында қола жүлде жеңіп алды.

Швейцар жүйесі бойынша өткізілген жарыста Назерке 8 ойыннан 6,5 ұпай жинады.

Айта кетейік, жас шахматшы дүниежүзілік олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр. Ол енді Павлодарда өтетін халықаралық турнирге облыс құрама командасымен бірге қатысады. Ол 17 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді.

Назерке Нұрғали шахматтан еліміздің спорт шебері, ФИДЕ-нің спорт шебері. Сондай-ақ 10 дүркін Қазақстан, 2 дүркін әлем, 5 дүркін Азия чемпионы атанған.





Фото: дереккөз
Загрузка...