Бүгін екі қалада метеожағдай нашарлайды

7 Қараша 2019, 08:29
2441
Бөлісу:
Бүгін екі қалада метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 7 қараша күні елімізде қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы хабарлады. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бейсенбі күні Ақтөбе мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы