Қазақстандық спортшы триатлоннан әлем кубогінің ондығына енді

22 Қараша 2019, 07:15
1246
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы триатлоннан әлем кубогінің ондығына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Аргентинаның Формос қаласында триатлоннан Америка кубогі аяқталды. Жарысқа Қазақстан атынан Аян Бейсенбаев қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бейсенбаев кубоктік доданы тоғызыншы орынмен аяқтады.

Алтын жүлдені АҚШ намысын қорғаған Дарр Смит жеңіп алды. Күміс медаль чилилік Диего Мойяның еншісінде.  Үздік үштікті халықаралық триатлон одағының атынан сынға түскен Феликс Дучам иеленді.

Жарысқа жалпы есепте 38 спортшы қатысқан.   

Өзгелердің жаңалығы