Қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі көп – министр

28 Қараша 2019, 10:53
11021
Бөлісу:
Қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі көп – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасының таныстырды.


Жарты миллион ұстаздың жұмысына қатысты заң жобасы 19 баптан тұрады. Заң жобасы төрт бағытты: ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; материалды емес ынталандыру; материалды ынталандыру.
Жаңа заң жобасында педагогтардың құқықтары бойынша он жаңа позиция бар. Олардың барлығы мұғалімнің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұғалімдерді артық жұмысқа, өзінің функциясына кірмейтін жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, қағазбастылыққа, негізсіз тексерістер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту жеке нормаларда көзделген. Жуырда өткен халықаралық TALIS зерттеуінің көрсеткішіне байланысты ТМД, ЭЫҚҰ мемлекеттерімен салыстырғанда әріптестеріміздің жүктемесі көп болып отыр. ЭЫҚҰ мемлекеттерінде 38 сағат болса, бізде – 48,8 сағат. Сол себепті бұл норма өте маңызды, - деді Аймағамбетов.

Министр педагог мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді де көздейдтінін айтты. Сондықтан заң жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалім ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға алғаш кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс.
Мұғалімнің этика мәселелеріне де көңіл аударылып келеді және педагогикалық жұмысқа жіберілмейтін себептері де кеңейтіліп отыр. Әр білім беру мекемесінде әдеп бойынша кеңестер институты енгізіліп жатыр, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы