Үндістанда алты жолаушысы бар тікұшақ стадионға шұғыл қонды

Техникалық ақау туындаған соң экипаж тікұшақты стадионға қондыру туралы шешім қабылдады.

 Reuters 24 Қазан 2026, 19:48
24 Қазан 2026, 19:48
197
Фото: Reuters

Үндістанда бортында алты жолаушысы бар тікұшақ Баурари стадионына мәжбүрлі түрде қонды. Оқиғаға ұшу кезінде пайда болған техникалық ақау себеп болған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бұл – Trans Bharat Aviation компаниясының тікұшақтарына қатысты осындай екінші оқиға. Мамыр айында осы әуе тасымалдаушыға тиесілі тағы бір тікұшақ техникалық ақауға байланысты мәжбүрлі қонуға мәжбүр болған. Сол кезде оның құйрық бөлігі жоғары кернеулі электр желісіне тиіп, зақымданған.

Наверх