Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді

9 Желтоқсан 2019, 09:18
6567
Бөлісу:
Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жекпе-Жек" сарайында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Әлем чемпионатының финалы өтті.

Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды, ерлерде тоғыз және әйелдерде алты салмақ дәрежесінде жекпе-жек өтті. Жалпы әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысты. 

Чемпионаттың алтын медалін: ерлер арасында 85кг дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50кг дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 70кг дейінгі салмақта финалға Алемгуль Сабырхан иеленсе, 70кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 60 кг дейін Екатерина Гурова күмістен алқа тақты. 

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы, Kyokushin World Union Халықаралық Ассоциациясы. Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан Ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы