Қазақстандық файтер Грозныйда жекпе-жек өткізеді

21 Қыркүйек 2020, 23:26
1315
Бөлісу:
Қазақстандық файтер Грозныйда жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan MMA Pro Team клубының файтері Олжас Есқараевтың келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Arlan MMA Pro Team клубы инстаграм желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. 

Олжас 17 қазанда Грозныйда өтетін АСА Young Eagles 13 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы - Мовсар Баймасханов.

Айта кетейік, Олжас Есқараев соңғы жекпе-жегін биыл 22 ақпанда Alash Pride FC Grand Prix турнирінде өткізді. Бұл жекпе-жекте ол бірінші раундта Асылбек Абдулмуталиповты жеңді.

Өзгелердің жаңалығы