Бас жаңалықтар
Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы турнирде жартылай финалға шықты
19 Сәуiр 2019, 09:55 245

Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы турнирде жартылай финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белградта әйелдер арасында бокстан халықаралық Belgrade Winner турнирінің ширек финалының бірінші күні өтіп, қазақстандық алты спортшы қыз бақ сынады. Олардың үшеуі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы Олимпик.кз хабарлады. 

Жайна Шекербекова (51 келі) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша Сербия чемпионы Нина Радовановичті жеңді. Карина Ибрагимова түркиялық Ислем Ферчичиден басым түсті. Ал Айжан Ходжабекова украиналық Мария Пасечноймен қолғап түйістіріп, бағы жанды.

Өкінішке орай, Айгерім Қасенаева (51 келі), Дәметкен Келімбет (57 келі) және Баян Ақбаева (69 келі) жарыс жолынан шығып қалды. Сондай-ақ, бүгін Әлия Әбдраимова (64 келі) шаршы алаңға шығады. Қазақстандық боксшы қыз хорватиялық Майя Саричпен жұдырықтасып, финалдық жолдамаға таласатын болады. Жеребе тарту рәсімі бойынша, Әлия турнирді жартылай финалдық кезеңнен бастайды.

Естеріңізге сала кетсек, Аида Оңдаш пен Умида Садықова бірден финалдық бәсекеде бақ сынайтын болады. Осылайша, қазақстандық құрама Сербиядағы турнирде 6 медальден үмітті екендерін мәлімдеді.     

Сізден жаңалық