Бас жаңалықтар
Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін тағайындалатын жаза тым жеңіл
05 Тамыз 2020, 12:52 266

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін тағайындалатын жаза тым жеңіл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылау барысында айтты. Онлайн талқылау министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.

Жануарларға қатыгездік көрсеткен адамдар туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде жиі шығады. Алайда, бүгінде Қазақстандағы жануарларға қатігездік көрсеткені үшін тағайындалатын жаза тым жеңіл. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, бірінші кезекте, хайуанаттар бағындағы жануарларды ұстауға қойылатын талаптарды қатаңдатуды алға қойып отырмыз. Сонымен қатар, жануарларды қорғаудағы азаматтық бастамаларды қаржыландыру, зоологиялық волонтерлікті қолдау және мектеп оқушылары мен студенттер арасында жануарларға жауапкершілікпен қарау идеясын ілгерілету үшін шаралар қабылдайды, - деді ол.

Министр соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап кеткен жануарларға қатысты қатыгездік деректеріне тоқталып, жануарларға қатысты қатыгездік салдары түптің түбінде мұндай қылмыс адамдарға қатысты да жасалатынын ескертті.
Бірер күн бұрын Шымкентте бір азаматтың далада балалардың көзінше марғауды атып салғаны, Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер мысықты шарбаққа асып кеткені, тағы бір елордалық жасөспірім кішкентай марғауды көпқабатты үйдің жоғары қабатынан лақтырып жібергені туралы деректер тіркелді. Осы тектес қатыгездік алғаш рет байқалып отырған жоқ. Проблема өте күрделі. Тиісті зерттеу бойынша, жануарларға қатысты қатыгездіктің салдары түптің түбінде мұндай қылмыс адамдарға қатысты да жасалатынын көрсетіп отыр. Бұл жағдай біздің қоғамда мораль заңдылықтарын, барлық тіршілік иесіне деген адамгершілік қасиетті дамыта түсуіміз керегін білдіреді. Мемлекет басшысы айтып өткендей, табиғат пен жануарларға деген адами қарым-қатынасты әрбір адам бала кезден сіңіруі қажет және бұл процеске барынша көп адам, сарапшы, ерікті, қоғам белсенділері жұмылдырылғаны жөн, - деді министр.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...