Қазақстанда 125 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық бар – министр

10 Маусым 2020, 15:34
1944
Бөлісу:
Қазақстанда 125 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық бар – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 125 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық бар. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдында берген есебінде айтты. 

Қазір елдің 3,2 мың полигонында 125 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық бар. Жыл сайын 5 млн тоннадан астам ТҚҚ жиналады. Коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрап отыр. Елдегі халықтың 70%-дан астамы қалдықтарды жинау мен шығару қызметтерімен қамтылған, - деді министр. 

Министр елдегі полигондардың басым бөлігі (83%) қуаты таусылғанын, олар экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейтінін айтты.

Өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ. 2016 жылы енгізілген ӨКМ әдісінің нәтижесінде ТҚҚ өңдеу үлесі 6 есеге, яғни  2,6-дан 15%-ға ұлғайды. Алайда бұл жеткіліксіз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-ды құрайды, - деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Министр өңдеу үлесі жоғары және төмен облыстарды да атап өтті.

Маңғыстау облысында (33%), Алматы облысында (23,3%),Шымкент қаласында (22,7%) жоғары болса, Ақмола (3%), Шығыс Қазақстан (3,3%) және Батыс Қазақстан облысында (8,6%) төмен көрсеткіш тіркеліп отыр, - деді Мырзағалиев.
Өзгелердің жаңалығы