Қазақстан туралы сандық энциклопедия жарыққа шықты

25 Сәуір 2019, 13:15
2564
Бөлісу:
Қазақстан туралы сандық энциклопедия жарыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» жаңа мобильді қосымшасын ҚР Сыртқы істер министрлігі ұсынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы – география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан жайлы  ықшам энциклопедия. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болмақ. Оны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады. 
Өзгелердің жаңалығы