Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек берді

13 Мамыр 2020, 22:34
2313
Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гуманитарлық көмекті тәжік тарапына ресми тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстандық ұн барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып темір жол арқылы жеткізілді.

Осы жүк куәлігін Қазақстанның Душанбедегі Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиедуллоевке тапсырды.

А.Тәжібаев өз сөзінде Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанның халқына гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқанын және 2006 жылдан бері оның жалпы сомасы 38 млн. АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

Өз кезегінде С.Зиедуллоев алғысын білдіре отырып, тәжік тарапы Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде көрші елдерге қолдау көрсету мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайтын әр елге 5 мың тонна ұн түрінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы