Қазақстан күніне 1 млн маска шығармақ

20 Наурыз 2020, 10:53
2120
Бөлісу:
Қазақстан күніне 1 млн маска шығармақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов күніне 1 млн маска шығаруды көздеп отырғандарын айтты.

Елбасының халыққа арнаған үндеуі сәйкес Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатын болады. Қазіргі таңда бұрынғы жұмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр.Осыған орай, үкімет тарапынан 300 млрд теңге қарастырылып,  жұмыспен қамту жол картасы  әзірленді. Мекеме басшыларын, бизнес қоғамдастығын жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, қысқартуға жол бермеу арқылы әлеуметтік келеңсіздіктердің алдын-алуға шақырамын, - деді Ералы Тоғжанов.

Медициналық бетперделер мәселесі бұл Үкіметтің тұрақты бақылауында тұрған жұмыс. 
Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады. Алдағы мақсат – күніне шығатын масканың санын 1 млн данаға жеткізу, - деді вице-премьер.
Үкімет басшысының орынбасары президенттің шешімімен Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өткенін айтты. 
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының меншік түріне қарамастан барлық мемлекеттік мекемелердің жұмысы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтеді. Бұл шаралардың негізгі мақстаы – әр азаматтың өз үйінде болуын, басқа азаматтармен қарым-қатынасын толығымен шектеуді қамтамасыз ету, - деді Ералы Тоғжанов.



Өзгелердің жаңалығы